Created: 23 Ақпан 2022
271

Жалпы ақпараттар

Штат бойынша 73 қызметкер жұмыс жасайды: 11 дәрігер, оның ішінде 4 дәрігер жоғары санатты, 2 дәрігер бірінші санатты, 1 дәрігер екінші санатты.

27 орта буын қызметкерлері, оның ішінде 11 жоғары санатты, 1 бірінші санатты, 1 екінші санатты.

Диспансер құрылымы төмендегідей:

1. Амбулаторлы-емханалық бөлімше

 - 1 ауысымда 70 қабылдауға дейін;

2. Стационарлық бөлімше

- тәуліктік дерматовенерологиялық бөлімше

(36 кереует, оның ішінде 10 балалар үшін);

 - күндізгі стационар (6 орынға);

3. Диагностикалық зертхана

- клиникалық-диагностикалық зертхана;

- серологиялық зертхана;

- ПТР-зертханасы

- ИФА-зертханасы

4. Ақылы қызметтер:

- мерзімді профилактикалық медициналық тексерулер бөлмесі;

- физиотерапия кабинеті;

- ПТР-диагностика

- ИФА-диагностика

 

Тәулік бойы жұмыс істейтін 36 және 6 күндізгі төсек-орынға есептелген күндізгі аурухана бөлімшесінде тері және ЖЖБИ-мен ауыратын науқастарды емдеу, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған стандарттарға сәйкес жүргізіледі. Атырау облысы тұрғындарын мамандандырылған төсек-орынмен қамтамасыз ету 10 мың адамға шаққанда 0,6 құрайды.

 

Дерматовенерологиялық төсек қызметінің 2021 жылғы көрсеткіштері кестеде көрсетілген

 

Төсек саны

Тәулік бойы жұмыс істейтін ауруханадағы төсек-күндер саны

Емделген науқастар

Төсекте болудың орташа ұзақтығы

Төсек айналымы

 

272,9

9825

828

11,8

23,0

 

Тәулігіне 70 келушіге арналған емхана бөлімшесі тері аурулары және жыныстық жолмен берілетін инфекциялармен ауыратын науқастарды бөлек қабылдау бөлмелерімен, микологиялық кабинетпен, балаларды қабылдау бөлмесімен ұсынылған. Емханадағы және ауруханадағы барлық жұмыс орындары компьютерлендірілген.

 

Диспансерлік бөлімнің дерматовенеролог дәрігерлерінің жұмысы 2020-2021 жж

 

 

Жалпы қабылдау

Оның ішінде:

Аурушаңдығы бойынша

Ауыл тұрғындары

балалар

ересектер

балалар

2020

26 274

2076

7368

18 464

7350

2021

23 157

2679

8751

10 801

6701

 

Дерматовенерологтар қызметінің басым бөлігі тері және тері астындағы тіндердің аурулары бар науқастарға медициналық көмек көрсетуге бағытталған.

 

2021 жылы тері және тері асты тіндері ауруларының жиілігі мен таралу көрсеткіштері

 

Жалпы дерматоздардың үлесі (атопиялық дерматит, псориаз, аллергиялық дерматит, басқа дерматит (экзема). Құрылымында тері және тері астындағы тіндері ауруларының таралуы

 Көрсеткіштер

Абсолюттік саны

100 мың халыққа шаққандағы саны

Республика бойынша 2021 жылғы көрсеткіштер

Тері ауруларының таралуы

2717

406,5

 

Тері ауруларының сырқаттанушылығы

218

32,6

 

Атопиялық дерматиттің таралуы

416

62,2

 

Атопиялық дерматиттің сырқаттанушылығы

36

5,3

 

Витилиго ауруының таралуы

496

74,2

 

Витилиго ауруының сырқаттанушылығы

40

5,9

 

Псориаз ауруының таралуы

1153

172,5

 

Псориаз ауруының сырқаттанушылығы

64

9,5