Created: 03 Қараша 2020
295

Халық алғысы

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмухамбетов пандемиямен күресте елеулі еңбек еткен бір топ Атыраулықты «Халық алғысы» медалімен марапаттады. Марапатталушылар арасында Атырау облыстық тері-венерологиялық диспансерінің директоры Мира Уразқызы Бердешева болды. Облыс әкімі азаматтарға коронавирус инфекциясымен күрестегі қажырлы еңбектері үшін ризашылығын білдірді.

Облыстық тері-венерологиялық диспансерінің ұжымы Бердешева Мира Уразқызын марапатымен құттықтап, оның жоғары кәсібилігін терең құрметтейді, бағалайды және мақтан тұтады.