Атырау облыстық тері-венерологиялық диспансерінде 2018 жылдың наурыз айының 1 күні, Астана медициналық университеті мамандарының қатысуымен «Терапиялық косметологияның заманауи әдістері» тақырыбына аймақтық оқыту мастер-классы өткізілді.
Мастер-классқа Астана медициналық университеті мамандары: медицина ғылымының дәрігері, «Дерматовенерология», «Дерматокосметология» мамандығы бойынша дипломнан кейінгі білім беру курапторы Таркина Татьяна Викторовна, медицина ғылымының кандидаты, дерматовенерология кафедрасының профессоры Джетписбаева Зульфия Сейтмагамбетовна, сонымен қатар Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау облысының дерматовенеролог және дерматокосметолог дәрігерлері қатысты.
Мастер-класс мақсаты – тері және косметологиялық мәселелерді зерттеу барысындағы теориялық және практикалық тәжірибелерге талдау жасау, ғылыми ақпараттармен білім алмасу.
Оқуда талқыланатын тақырыптар:
- Безеу ауруы, оның терапиясы.
- Беттегі қатерсіз және қатерлі ісіктер: диагностикасы, емі, алды-алу.
- Косметологиядағы пептидтер.
Атырау облысы тұрғындары арасында безеу ауруымен ауыратындар көп кездеседі. Жас шамасына қарай 14 жастан 40-45 жас арасындағы адамдар шалдығады. Безеу диагнозы созылмалы ауру, асқынған түрде болуы мүмкін. Беттегі безеу, әсіресе жастар арасында косметологиялық тұрғыдан қолайсыздық туғызады. Бұл ауруды емдеу ұзақ уақытты, шыдамдылықты және басқа медицина мамандарының, мысалы гастроэнтеролог дәрігерлерінің тексерулерін қажет етеді. Алайда пациенттер көп жағдайда емделуді соңына дейін жүргізбей, тез айығу жағдайын қарастырады. Осы айтылған мәселелерге байланысты косметология саласында ауруды емдеудің жаңа жолдарын қарастыру мәселелері талқыланады.
Атырау облыстық тері-венерологиялық диспансерінің директоры
Бердешева Мира Уразқызы
https://01.kozhvendispanser.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/85-terapiyaly-kosmetologiyany-zamanaui-disteri-ta-yrybynda-y-o-ytu-master-klassyny-press-relizi#sigFreeId6bcb1cfd88