Created: 31 Қантар 2019
638

Интернет желісінің қызметтерін көрсетудің техникалык ерекшеліктері

Бекітемін

Атырау облысы денсаулық

сақтау  басқармасының

«Атырау облыстық тері-

венерологиялық диспансері»

ШЖҚ КМК директоры

_________________Бердешева М.

 

 

Интернет желісінің қызметтерін көрсетудің  техникалык ерекшеліктері

  1. Тапсырыс беруші: Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Атырау облыстық тері-венерологиялык диспансері" ШЖҚ КМК.
  2. Орналаскан мекен жайы: Атырау қаласы, Владимирского көшесі, 104.

      3. Қызметтерді көрсету мерзімі: Жыл бойы     2019 жылдың 31 желтоқсанын   қоса  алғанда.

  •    Қызметтердің атауы: Интернет желісінің қызметтерін көрсету
  •    Қызмет көрсету орыны: Атырау қаласы, Владимирского көшесі,104.

 

 

Интернет желісінің  қызметтеріне техникалық ерекшелік

 

 

  1. Функционалдық, техникалық, сапалық, пайдалану және өзге де қызметтердің сипаттамалары:

Әлеуетті қызмет көрсетуші осы қызметті көрсетуге құқылы болуы тиіс (рұқсат құжат көшірмелерін ұсыну)

  • Қызметтерді бастау мерзімі Тапсырыс берушінің қызметтерді көрсету туралы жазбаша хабарламасын алған күннен басталады

Интернет желісіне жылдамдығы кемінде пайдаланушыға оптоволоконндық желімен кіріс көлемі 40 Мбит/с және шығыс көлемі 40 Мбит/с - ерекшелінген статистикалық IP адрес – пайдалана отырып ұйымдастыру.

Тапсырыс берушінің Ғаламтор желісіне қосылу Әлеуетті жеткізушінің желі түйінінің кроссынан Тапсырыс берушінің серверлік бөлмесіне дейін «соңғы миляны» ұйымдастыруы бар кабельді (талшықты-оптикалық) байланыс желісі арқылы орындалуы тиіс.

Ғаламтор желісіне тікелей қосылу кэштелген серверлерді қолданбай және трафик көлемін шектемей ұсынылуға тиісті.

Қызметтің  жеткізушісі дайындық және инсталляциялық қызметтердің барлық көлемін өздігінен орындауы тиіс. Әлеуетті жеткізушінің жауапкершілік аймағы, Тапсырыс берушінің алаңында орналасқанды қоса, модем шекарасынан басталады.

Модем Әлеуетті жеткізушімен ұсыналады.

Қызмет Әлеуетті жеткізушісі тәулігінде  24 сағат, жылына 365 күн үздіксіз қызмет ұсынуға кепілдік беріп, Қазақстан Республикасы бойынша бірыңғай ақысыз нөмірмен қоңырау шалатын Клиенттерді қолдау қызметі болуы тиіс. Қоңырау шалу нөмірі Тапсырыс берушіге Әлеуетті  жеткізушімен келісімшарт жасалған күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде ұсынылуы тиіс.

Жеткізуші желінің тәулік бойғы мониторингін қамтамасыз етіп, ақаулықтарды жедел жоюы тиіс. Профилактикалық қызметтер түнгі уақытта жүргізілуі тиіс. Қызметтің жүргізілетіндігі туралы 48 сағат бұрын хабарлануы тиіс.

Желі сервисіне шығу мүмкіндігі – «соңғы миляны» қоса, 99,5% кем емес.  Байланыс арнасы қызметінің сапасы арнайы өлшегіш құрал-жабдық көмегімен бағалануы тиіс. Магистральді арналардағы қателіктер деңгейі 1х10-9 тиіс.

            Қызмет көрсету процесінде, Тапсырыс берушінің өтінімі бойынша Әлеуетті жеткізушінің келесі:

  • байланыс арнасын блоктау және блоктан алып тастау;
  • байланыс арнасының өткізу қабілетін өзгерту;
  • байланыс арнасын сөндіріп тастау сияқты әрекеттері болуы мүмкін.

Әлеуетті жеткізушінің Тапсырыс берушінің сұранысына ден қою уақыты Әлеуетті жеткізушінің Клиенттерді қолдау қызметіне ауызша сұраныс түскен сәттен бастап, 12 сағаттан аспауы керек. Осы ретте, Тапсырыс беруші кейіннен жазбаша сұраныс ұсынуы тиіс.

Қызметтердің құны қызметтерді көрсетуге байланысты Әлеуетті жеткізушінің барлық шығындарын қамтиды

           Қызметтер Ұлттық стандарттарға, ал олар болмаған жағдайда мемлекетаралық стандарттар,  олар  болмаған кезде, сатып алынатын  көрсетілетін қызметтерге талап етілетін техникалық  ерекшелік  бойынша көрсетіледі