Диспансердің өкілеттіктері, міндеттері мен функциялары туралы ақпарат
«Атырау облыстық тері-венерологиялық диспансері» мекемесінің қызметі – Атырау облысы және қаласы тұрғындарының жедел және созылмалы тері ауруларын емдеу, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (бұдан әрі – ЖЖБИ), венерологиялық және жұқпалы тері ауруларының алдын алу және емдеу.
- Атырау облыстық тері-венерологиялық диспансері қызметінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы заңнамасының (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 жылғы 23 мамырдағы №312 «Дерматовенерологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы» бұйрығын орындау:
- «дерматовенерология» бейіні бойынша мамандандырылған консультациялық-дәрігерлік көмек көрсетуде;
- жыныстық жолмен берілетін аурулардың, венерологиялық және жұқпалы тері ауруларының алдын алу бойынша профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде;
- Атырау қаласы мен Атырау облысының тері-венерологиялық мекемелері мен кабинеттеріне ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетуде.
- 1-тармақта көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін заңнамада белгіленген тәртіппен «Атырау облыстық тері-венерологиялық диспансері» мемлекеттік мекемесі келесі негізгі қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы:
1) ЖЖБИ, венерологиялық және жұқпалы тері ауруларымен ауыратын науқастарды міндетті түрде анықтауды және есепке алуды ұйымдастыру;
2) әртүрлі тері аурулары, жұқпалы тері ауруларын және мерез аурулары бар науқастарды стационарға емделуге жатқызу;
3) профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру:
- инфекция көзі болған адамдарды анықтау;
-оларды емдеуге тарту;
-науқастың отбасы мүшелерін және онымен қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру.
4) ЖЖБИ, венерологиялық және жұқпалы тері ауруларымен ауыратын науқастарды диспансерлік бақылау;
5) денсаулық сақтау ұйымдарында мерезбен ауыратын науқастарды анықтауға қатысу;
6) облыстың денсаулық сақтау мекемелерінде жүргізілетін туа біткен мерездің алдын-алу бойынша барлық жүкті әйелдерді тексеруге және серологиялық тексеруге қатысу;
7) балаларға венерологиялық және жұқпалы тері ауруларының алдын-алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға көмек көрсету;
8) декреттік топтағы тұлғалардың венерологиялық және жұқпалы тері аурулары бойынша медициналық тексерулердің сапасын бақылау;
9) созылмалы тері ауруларымен, венерологиялық және жұқпалы тері ауруларымен ауыратын науқастарды диспансерлік бақылау;
10) осы жұмысқа мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінің жалпы тәжірибелі дәрігерлерін тарта отырып, облыстың тері-венерологиялық мекемелері мен кабинеттеріне ұйымдастыру-әдістемелік басшылық жасау.
- Атырау облыстық тері-венерологиялық диспансерінің мемлекеттік тіркелген орны
Атырау қаласы, Авангард мөлтекауданы, Владимирский көшесі, 104 үй, индексі: 060009.
- Медициналық ұйымға көліктің қолжетімділігі туралы мәліметтер:
- Авангард соңғы аялдамасы бар барлық қалалық көліктер: № 4.7, 10, 12, 14.30, 30а маршруттары. Электрондық пошта мекенжайы This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.