Created: 09 Қараша 2020
358

«Созылмалы дерматоздарды емдеудің аралас әдістері» тақырыбында семинар өткізілді

04.11.2020ж. күні Атырау облыстық тері-венерологиялық диспансерінің базасында, м.ғ.к., жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру академиясының дерматовенерология, дерматокосметология кафедрасының доценты С.А.Оспанованың қатысуымен, Атырау облысының дерматовенеролог, дерматокосметолог дәрігерлері арасында «Созылмалы дерматоздарды емдеудің аралас әдістері» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар барысында созылмалы тері ауруларымен ауыратын науқастарды оңалту кезінде космецевтиканы қолдану және коронавирустық инфекция кезіндегі дерматологиялық белгілері мәселелері талқыланды.

Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.