Created: 24 Ақпан 2022
45

Диспансердің өкілеттіктері, міндеттері мен функциялары туралы ақпарат

Диспансердің өкілеттіктері, міндеттері мен функциялары туралы ақпарат

 

 

«Атырау облыстық тері-венерологиялық диспансері» мекемесінің қызметі – Атырау облысы және қаласы тұрғындарының жедел және созылмалы тері ауруларын емдеу, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (бұдан әрі – ЖЖБИ), венерологиялық және жұқпалы тері ауруларының алдын алу және емдеу.

  1. Атырау облыстық тері-венерологиялық диспансері қызметінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы заңнамасының (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 жылғы 23 мамырдағы №312 «Дерматовенерологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы» бұйрығын орындау:

- «дерматовенерология» бейіні бойынша мамандандырылған консультациялық-дәрігерлік көмек көрсетуде;

- жыныстық жолмен берілетін аурулардың, венерологиялық және жұқпалы тері ауруларының алдын алу бойынша профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде;

- Атырау қаласы мен Атырау облысының тері-венерологиялық мекемелері мен кабинеттеріне ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетуде. 

  1. 1-тармақта көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін заңнамада белгіленген тәртіппен «Атырау облыстық тері-венерологиялық диспансері» мемлекеттік мекемесі келесі негізгі қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы:

1) ЖЖБИ, венерологиялық және жұқпалы тері ауруларымен ауыратын науқастарды міндетті түрде анықтауды және есепке алуды ұйымдастыру;

2) әртүрлі тері аурулары, жұқпалы тері ауруларын және мерез аурулары бар науқастарды стационарға емделуге жатқызу;

3) профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру:

- инфекция көзі болған адамдарды анықтау;

-оларды емдеуге тарту;

-науқастың отбасы мүшелерін және онымен қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру.

4) ЖЖБИ, венерологиялық және жұқпалы тері ауруларымен ауыратын науқастарды диспансерлік бақылау;

5) денсаулық сақтау ұйымдарында мерезбен ауыратын науқастарды анықтауға қатысу;

6) облыстың денсаулық сақтау мекемелерінде жүргізілетін туа біткен мерездің алдын-алу бойынша барлық жүкті әйелдерді тексеруге және серологиялық тексеруге қатысу;

7) балаларға венерологиялық және жұқпалы тері ауруларының алдын-алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға көмек көрсету;

8) декреттік топтағы тұлғалардың венерологиялық және жұқпалы тері аурулары бойынша медициналық тексерулердің сапасын бақылау;

9) созылмалы тері ауруларымен, венерологиялық және жұқпалы тері ауруларымен ауыратын науқастарды диспансерлік бақылау;

10) осы жұмысқа мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінің жалпы тәжірибелі дәрігерлерін тарта отырып, облыстың тері-венерологиялық мекемелері мен кабинеттеріне ұйымдастыру-әдістемелік басшылық жасау.

  1. Атырау облыстық тері-венерологиялық диспансерінің мемлекеттік тіркелген орны

Атырау қаласы, Авангард мөлтекауданы, Владимирский көшесі, 104 үй, индексі: 060009. 

  1. Медициналық ұйымға көліктің қолжетімділігі туралы мәліметтер:

- Авангард соңғы аялдамасы бар барлық қалалық көліктер: № 4.7, 10, 12, 14.30, 30а маршруттары. Электрондық пошта мекенжайы This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.