«Терапиялық косметологияның заманауи әдістері» тақырыбындағы оқыту мастер-классының ПРЕСС-РЕЛИЗІ
Атырау облыстық тері-венерологиялық диспансерінде 2018 жылдың наурыз айының 1 күні, Астана медициналық университеті мамандарының қатысуымен «Терапиялық косметологияның заманауи әдістері» тақырыбына аймақтық оқыту мастер-классы өткізілді.
80-жыл толу мерейтойына орай ұйымдастырылған ғылыми-практикалық конференциясы
26-27.10.2017ж. Қарағанды облысының тері-венерологиялық қызметіне 80-жыл толу мерейтойына орай ұйымдастырылған, Қазақстан Республикасы дерматовенерологтар, дерматокосметологтар ғылыми-практикалық конференциясына директор М.У.Бердешева қатысты.
Балабақша, мектеп және колледж мейірбикелері арасында семинар-сабақ
Атырау тері-венерологиялық диспансері базасында 16.11.2017ж. күні балабақша, мектеп және колледж мейірбикелері арасында «Жұқпалы тері-ауруларының алдын-алу шаралары» тақырыбына семинар-сабақ өткізілді. Семинар барысында балалар арасында жұқпалы тері-ауруларының алдын-алу, дер кезінде анықтау, дерматовенеролог дәрігерінің қабылдауына уақытылы жолдау, жұғу жолдары, емделу кезіндегі тәртіптік шаралары туралы толықтай мағлұматтар беріліп, ескерту парақшалары (брошюралар) таратылды.
Семинарға балабақшалардан 42 мейірбике, мектептерден 18 мейірбике қатысты.
Ғылыми-практикалық конференция
20.10.2017ж. Қызылорда облысының тері-венерологиялық қызметіне 90-жыл толу мерейтойына орай ұйымдастырылған ғылыми-практикалық конференцияға ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Борангалиева А.К. қатысты.